Әнші Саят Медеуов жол апатына ұшырап, жансақтау бөлімінде жатыр

28 ақпан 2022, 10:31

Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат тарады.

Бұл туралы композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!, — деп жазған ол.

Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та өзінің желідегі парақшасына әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды.

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы ақпарат жоқ.