Оқиға

Апат, өрт, оқыс оқиға, табиғи және техникалық сипаттағы ТЖ туралы ресми хабарлама

  • Апат, өрт, оқыс оқиға, табиғи және техникалық сипаттағы ТЖ туралы ресми хабарлама

    Апат, өрт, оқыс оқиға, табиғи және техникалық сипаттағы ТЖ туралы ресми хабарлама

29.07.2020 жылы 104 қызмет көрсету пультіне 102 қызметінен хабарлама түсті. Волочаевскоя, 237 көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газдың газ-ауа қоспасы жарылған. 


Жарылыстың салдарынан 1 адам зардап шекті: Факеева Марина, 1970 жылы туылған. Ол 18-20 пайыз күйікпен №4 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Осы мекен-жайды тексеру кезінде Алматы қаласының «Интергаз Орталық Азия» АҚ Магистральды газ-құбыры басқармасы (МГБ) АДҚ (апаттық диспечерлік қызмет) бөлімінің инженерлері газ плитасының бір конфоркасының ашық болғанын анықтады.

Қолданылған шаралар: Апаттық диспечерлік қызмет қызметкерлері бірден Ду-20мм кранын жауып, ГХ-20 плобасымен бекітті.
Ары қарай апаттың себебін тексеру үшін бұл оқиға «Алматыгаз» АЕО (абоненттік есеп орталығы) ЖШС ҮІГҚ (үйдің ішінлдегі газ құрылғылары) қызметіне берілді.
Анықтама үшін: Оқыс жағдайларды талдау кезінде мұндай оқиғалардың бәрі дерлік қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, ережелерге немқұрайлы қарағандықтан, газ құрылғыларын пайдалану ережелерін елемегеннен болатынын байқауға болады.

Тағы да еске саламыз, өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеу үшін табиғи газды пайдалануда төмендегі ережелерді сақтаңыз:
-
газ құрылғыларын пайдаланған кезде терезе ашық болсын;
- пешті жағар алдында жұқа қағаз таяқшамен мұржаны тексеріңіз, яғни мұржа таза болуы керек;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғысын кішкентай балалар бар жерде қараусыз қалдырмаңыз;
- қолдан жасалған газ құрылғысын қолданбағаныңыз жөн, тек зауыттан шыққан құрылғыны ғана пайдаланыңыз;
- газ құрылғыларын өздігіңмен жөндеуге, тасымалдауға болмайды;
- ҚР «Газ және газбен қамтамасыз ету» Заңының 19 бабы, 5 бөліміне сәйкес, техникалық қызмет көрсету үшін арнайы маманлданған ұйыммен келісімшарт жасаңыз;
улы газды (СО) және метанды (СН4) газдануды автоматты бақылау жүйесін орнату);
- тұрғын үйлерге алғаш рет табиғи газ жіберілердің алдында тұтынушылар газ құрылғыларын, газ мұржасы мен жылыту пешін, газбен су жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдаланудың нұсқаулықтарымен толық танысу керек.
Пәтерде газдың иісі шықса:
- барлық газ крандарын жабу;
- бөлмелерді желдету;
- от тұтандырмау, электр құрылғыларды қоспау және өшірмеу
- 104 апаттық газ қызметіне хабарласу
Біздің мақсатымыз – адамдарға жылу және қуаныш сыйлау!




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 13:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31