Оқиға

Апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

  • © AFP 2018 / HASAN SHIRVANI / MIZAN NEWS

    © AFP 2018 / HASAN SHIRVANI / MIZAN NEWS

Тегеран түбінде апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағының бортында қазақстандықтар болғаны туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ирандағы елшілігінің мәліметіне сүйеніп хабарлады.


Cыртқы саяси ведомствоның қызметкерлері өкілетті органдармен және Қырғызстанның Ирандағы елшілігімен хабар алысып отыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі, деп атап өтті СІМ.


Boeing 707 жүк ұшағы Қырғызстан астанасынан Карадж (Тегеран қаламаңы — Sputnik) қаласындағы халықаралық әуежайға бет алған. Алайда қателесіп сол қаладағы "Фатх" әуежайына қонады. Қону кезінде ұшқыш әуе кемесін басқара алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, адамдар тұратын ауданға кіріп кеткен.


Иран төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, апат орнынан жеті адамның мәйіті табылды. Ұшақ бортында 16 адам болған, тек біреуі аман қалды, деп жазды РИА Новости. Манас халықаралық әуежайы ұшақта Қырғызстан азаматтары болмағанын хабарлады.


Boeing Иран армиясына тиесілі екені және ет әкетіп бара жатқаны белгілі болды. Ұшақтың қара жәшігі табылды.


Sputnik


 




Көрілген: 847    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 16:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30