Оқиға

Апатты жағдайда ұшақ қонған Жетігенге арнайы комиссия жіберілді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Жетіген аэродромына әскери ұшақ апатты жағдайда жер бауырлап қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Аэропортқа жедел жәрдем және құтқарушылар барған. Абырой болғанда, олардың көмегі қажет болмады. Ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай қалған. Сондықтан ұшу-қону жолағына алдын ала көбік шашылған.

 

Ұшақ қонғаннан кейін экипаж эвакуацияланған.

 

Оған дейін әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласынан Ақтөбеге бет алған әскери ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмағандықтан, Балқаш қаласына апатты жағдайда қонатыны туралы ақпарат тараған еді.

 

Нұрлан Орманбетов, ҚР Қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:

 

- С-295 әскери ұшағының алдыңғы шассиінде техникалық ақаулық болып, экипаж командирі, бірінші санаттағы ұшқыш әуеде 1700 сағат ұшуды орындаған Жеңіс Зейнолдинов, командир, көмекшісі Ыбыраев Абылай, борт инженері, майор Карим Пахирдинов қолдан келгеннің бәрін жасап, ұшақты әскери аэродромға шассисіз қондырды. Экипаждан басқа адам болған жоқ. Оқиға орнына арнайы комиссия кетті. Мәселенің мән-жайын анықтайтын болады.

 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 01:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31