Оқиға

Арқалықта полиция қызметкерінің көлікке оқ атуы заңды деп танылды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Полиция қызметкерінің қашқан көлікті тоқтату үшін қызметтік қару қолданғаны заңды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Оқиға Арқалық қаласында болған.

 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жол талғамайтын көліктің полицияға бағынбай қашып бара жатқандығы, жүргізушінің орнында жас баланың отырғандығы байқалады.

 

Ал қасындағы ер адамның оған «тоқтама, жылдамдықты бас, бұрыл» деген дауысы естіледі.

 

Кейін көлікті 14 жастағы жасөспірімнің басқарғаны анықталды. Қасындағысы әкесі болып шықты. Ол ішімдік ішкен.

 

Полиция табельдік қарудан артқы дөңгелекке оқ атып, көлікті тоқтатқан.

 

Осы оқиғаға байланысты баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Құрмет Мәжікенов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы:

 

– Оған әкімшілік кодекстің 612-бабының 5-бөлігі бойынша және 613-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар қала әкімдігінің кәмелеттік жасқа толмағандар іс жөнінідегі комиссия тіисті шаралар қабылдау үшін 14 жастағы баланың ата-анасына қатысты материалдар жолданды.

 

 

 




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 20:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31