Оқиға

Арнайы жасақ қару қолданған жоқ: Алматыдағы атыстың мән-жайы айтылды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Алматыдағы атысқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қайғылы оқиға бүгін, 20 қыркүйекте сағат шамамен 17.00-де болған. Екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау процесі кезінде жанжал шыққан.

 

"Сот шешімін көрген соң, жергілікті тұрғын үйге жүгіріп барып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды.

Бес адам, оның ішінде қызметте болған екі полиция қызметкері, оқтан жарақат алып, қаза болды", - делінген хабарламада.

 

Ведомство мәліметінше, күдікті арнайы жасақ сарбаздары көмегімен қару қолданылмай ұсталды, өйткені үйде әйелдер мен балалар болғаны ескерілген.

 

"Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.

 

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

 

Еске салайық, бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17.00-де Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" шағынауданында атыс болған еді.

 

Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған. Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қаза болды.

 

Сондай-ақ, оқиға орнында сот орындаушы мен екі учаскелік полицейге және екі бейбіт тұрғынға оқ атылғаны хабарланды.

 

Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 21:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31