Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт жұмысшы қайтыс болды

10 маусым 2022, 18:46

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында төрт жұмысшы қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасындажазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. 4 адам оқиға болған жерде көз жұмды. Біреуі ауруханаға жеткізілді.

 

"Қазір апат болған жерде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, өндірістік қауіпсіздік мамандары жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Қасымбек.

 

Сонымен қатар комбинаттың басшылығы мен өзге де жауапты тұлғалар оқиға болған жерде жүр.

 

"Қайтыс болған жандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деді облыс әкімі.