Ақмола облысы Аршалы ауданында 49 жастағы ер адам өзін өртеп жіберген. Полицияның ақпаратына сүйенсек, ол өлер алдында қолхат жазып қалдырмаған. Сондықтан суицидтің себебі жұмбақ күйде қалып отыр деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«12 қазан күні сағат 13:52-де Аршалы ауданының полиция бөліміне өлген адамның көршісі телефон шалған. Оқиға орнына барған полиция 49 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Анықталғандай, ол қарт әкесімен бірге тұрған. Әкесі қазір Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатқаны анықталды», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Қазір «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша тергеу басталғаны белгілі.