Арыста жасөспірім қызға азғындық жасаған педофил ұсталды

26 мамыр 2023, 08:57

Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

21-мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру  іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

 

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ.

 

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

 

Көрінеу жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

 

Бұған дейін әлеуметтік желіде әлдекімдердің 5 жасар қызды зорлады деген адамды балағаттаған видеосы және түрлі жазбалар тараған еді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тілшісі жазды.

 

 

 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.