Оқиға

Арыста үйінен шығып адасып кеткен 3 жасар бала блокпостқа дейін жеткен

  • Арыста үйінен шығып адасып кеткен 3 жасар бала блокпостқа дейін жеткен

    Арыста үйінен шығып адасып кеткен 3 жасар бала блокпостқа дейін жеткен

Түркістан облысына қарасты Арыс ауданында 3 жасар бүлдіршін адасып, полицейлер тұрған блокпостқа дейін жеткен. Кішкентай қыздан ата-анасы туралы жауап ала алмаған тәртіп сақшылары оның үйін іздеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, Монтайтас бекетінде төтенше жағдай режимін сақтау бойынша қызмет атқарып тұрған полиция қызметкерлері жолда жылап жүрген кішкентай қызды байқап қалған. Учаскелік инспектор Батыржан Салыбаев пен өзге полиция қызметкерлері қызды өздерінің шатырларына апарып, дәрігерлерге тапсырған. Сөйтіп өздері оның ата-анасын іздеуге шыққан. Жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, баланың мекен жайын іздеген. Осы уақытта жоғалып қалған қызын іздеген Арыс қаласының тұрғыны блокпостқа келген.

Оның сөзінше, үйі 300-400 метр қашықтықта орналасқан. Мектеп жасындағы балаларымен сабақ оқып отырған кезінде кішкентай қызы үйден шығып кеткен. Оның жоғалғанын білген кезде, жабылып іздеуге кіріскен. Кейін учаскелік инспектор Б. Салыбаев бүлдіршінді анасына тапсырды.




Көрілген: 933    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 01:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30