Оқиға

Арыстағы жарылыс: 16 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті (фото, видео)

  • © nur.kz

    © nur.kz

Арыс қаласындағы төтенше жағдай орын алған аумақтан 34 адам жедел жәрдеммен тасымалданды. Анықталғандай, олар ауруханаға жатпай, қауіпсіз аумақтарға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Шымкент қаласындағы нөмірі бірінші қалалық ауруханаға дәл қазіргі уақытқа дейін 16 адам түрлі дене жарақатымен жатқызылды. Арасында балалар да бар.


"Жансақтау бөліміне жатқызылып жатқандар да бар. Жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Әзірге он алты адамға көмек берілді" , - деп хабарлайды аурухананың ресми өкілі Айжан Омарова.


Бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, жарақатымен түскендердің үшеуінің жағдайы ауыр.




Айта кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс орын алды. Жергілікті халық зәресі ұшіп, жаппай қаладан кете бастады.


Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.


Бұл жағдайға қатысты Арыс қаласында арнайы медициналық штаб құрылды.


Ал өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев халықты сабыр сақтауға шақырды. 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30