Оқиға

Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі сот процесі туралы айтты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыстағы жарылысқа қатысты сот процесі қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мамыр айында Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс фактісі бойынша сот процесі басталды. Қозғалған істер бір іске топтастырылды. Қалған мәселенің барлығына қатысты пікір білдіре алмаймын. Бұл - сот өндірісінің құзыреті», - деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

 

Бұған дейін Арыстағы жарылысқа қатысты жоғары лауазымды 16 әкери қызметшінің жауапқа тартылып жатқанын хабарлаған едік.

 

Айыпталушылардың арасында еліміздің Қорғаныс министрлігінің бұрынғы бірқатар лауазым иелері, Арыстағы №44859 әскери бөлімінің басшылық құрамы және қатардағы қызметшілері бар.

 

Ал жарылыстан зардап шеккендердің саны 1500-ге жуықтайды.

 

Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс былтырғы 24 маусымда болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді.

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2020, 18:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31