Оқиға

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 40 адамнан асты

  • © NUR.KZ.

    © NUR.KZ.

Шымкент денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне Арыс қаласындағы жарылыстан кейін медициналық көмекке жүгінген зардап шегушілер туралы хабарлады.


"Арыстағы төтенше оқиға кезінде зардап шеккен отыз төрт адам Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Әр түрлі жарақат алған тағы 12 адам Шымкент қаласының № 1 ауруханасына өздері келді, олардың арасында бес бала бар", - деп ақпарат берді ведомствоның баспасөз қызметі.


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер кішкентай науқастарды қарап шыққаннан кейін облыстық балалар ауруханасына жіберді. №1 қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде бір адам жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.


Арыстағы жарылыс


24 маусым күні таңертең сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды.



Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.


Арыс қаласында 43 мыңға жуық халық тұрады. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.


 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 17:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30