Оқиға

Арыстық баланың өлімі: Оқиғаға жол апаты себеп болған

  • Арыстық баланың өлімі: Оқиғаға жол апаты себеп болған

    Арыстық баланың өлімі: Оқиғаға жол апаты себеп болған

Арыстық баланың өліміне жол апаты себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласында қайтыс болған 8 жастағы баланың өліміне "Арыс-Монайтас" автожолындадағы 42-разъезд жанында болған жол апаты себеп болған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспсөз қызметі хабарлады.


"Мерседес Бенц" маркалы автокөлігінің жүргізушісі 2011 жылы туған баланы қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сол күні Арыс қаласының полиция басқармасы аталған факті бойынша ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Көлік апатының салдарынан қатты жарақаттанған бала Шымкент қаласының балалар ауруханасына жеткізіліп, артынша жағдайы нашарлағаннан кейін санавиация арқылы Нұр-сұлтан қаласына жөнелтілді. Сол уақыттан бастап жеткіншек комада бір ай бойы жатып, дәрігерлердің қадағалауында болған.


"Жүргізушіге қатысты ҚК-нің 347-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді. Ағымдағы жылы 2 тамызда жәбірленуші бала алған жарақаты салдарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде, қылмыстық іс ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды", - дейді баспасөз қызметі.


Оқиғаға себепші болған автокөлік жүргізушісі кінәсін мойындап, тергеу амалдарын жүргізу жалғасуда. Өазіргі таңда бұл іске қатысты абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 21:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31