Оқиға

Ашуға ерік берген елордалық жігіт сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді (видео)

  • Фото: Instagram/astanovka98 Т

    Фото: Instagram/astanovka98 Т

Желіде сүйіктісімен ұрсып қалғаннан кейін оның көлігін өртеп жіберген жас жігіт туралы ақпарат тарады. Мәселенің мән-жайын KAZ.NUR.KZ тілшісі анықтап көрді.

 

Танымал пабликте жарияланған видеода сұр түсті көліктің жанып жатқанын анық көруге болады.

 

Жазба авторының мәліметінше, 23 жастағы жігіт ғашығымен сөзге келіп, оның көлігіне от қойған. Ол алдымен аулаға шығып, көліктің әйнектерін сындырған. Кейін темір тұлпарға бензин құйып, өртеген.

 

Бұл жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті пікір білдіріп, мән-жайды баяндады.

 

"Полицияға елорданың 37 жастағы тұрғыны хабарласып, Бұланты көшесі бойындағы үйдің жанында "Меrcеdеs Bеnz" көлігінің жанып жатқаны туралы хабар берді. Аталған факті бойынша күдікті ретінде 23 жастағы азамат ұсталды. Белгілі болғандай осы жылдың 28 сәуірінде таңғы 06.00-де бірге тұратын азаматшамен сөзге келіп қалған жігіттің оның көлігіне от қойғаны анықталды. Осылайша ол азаматшаға 2 млн 500 мың теңге көлемінде шығын келтірген", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

 

Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты "өртеп жіберу жолымен бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

 

Сондай-ақ жергілікті полиция департаментінің өкілдері күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

 

 




Көрілген: 1125    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 13:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30