Оқиға

Әскери бөлімнен қару ұрлап, қашып кеткен сарбаз ұсталды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Шымкентте қару-жарақпен әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 

"Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару-жарақ ұрлап, әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған 1995 жылы туған әскери қызметші Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады", - делінген хабарламада.

 

Қару ұрлау фактісі негізінде Қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлаған немесе бопсалап алғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Бүгін Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінен келісімшартпен қызмет еткен кіші сержант қашып кеткені белгілі болды. Қаруды сақтау бөлмесінде бірнеше қару жоғалған.

 

Желіде кезекшінің көмекшісі таңғы 4-те кезекшілік кезінде қару ұрлап, бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Мәтінде "Перехват" жоспары жүргізіліп жатқаны айтылған.

 

Әскери қызметші отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны - 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.

 

sputnik

 




Көрілген: 263    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 08:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30