Оқиға

Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды

  • https://kaztag.kz/

    https://kaztag.kz/

Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ол Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан. 19 жастағы жігіт бес күн бойы мал бағып, төрт түліктің қасында түнепті. Ал әскерден қашуын «ата-анамды қатты сағындым» деп түсіндірді.

 

Нұрасыл Арысбаев, №8595 әскери бөлімінің сарбазы:

 

- Теміржолға түстім, сосын адасып Ақыртөбеге жаяу бардым. Сол жақта малшы болып жүрдім. Ол жақта тамақ, үй – бәрі тегін. Сосын күнде-күнде үш-төрт мың теңге тауып, үйге барып ата-анама сыйлық алып, қайтып келем бе деп ойладым.

 

Нұрасыл Арысбаев осыдан бес күн бұрын әскери бөлімнен қашып кеткен. Тәуліктік кезекшілікте тұрғанда түнделетіп бой тасалапты.

 

Алғашында Алматыға қарай бет алған екен. Алайда кейін туған жері Шымкентке баруды жоспарлаған.

 

Нұрасылдың қашу себебін полиция департаменті егжей-тегжей тексеріп жатыр. Әскери бөлімнің өкілдері бес күн бойы іздеуде болған сарбазға қатаң жаза қолданылмайды деп сендірді.  

 

Бауыржан Дүйсенбаев, №85395 әскери бөлім командирінің орынбасары:

 

- Әскери бөлімді не себепті өз еркімен тастап кеткені жөнінде және оған қатысты процессуалдық іс-шаралар жүргізу үшін іс құзырлы органға тапсырылды. Оған әкімшілік жаза қолдануы мүмкін.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 23:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31