Әскери қызметкерлермен төбелескен бұзақылардың видеосы тарады

02 қараша 2020, 14:48

Павлодар қаласында Ұлттық ұлан қызметкерлерімен төбелескен бейтаныс азаматтардың видеосы тарады. Видео pavlo.detka Іnstagram парақшасында жарияланды деп хабарлайды qamshy.kz.

 

&ndash Оқиға қарашаның 1-і күні сағат 19:25 шамасында Қайырбаев көшесіндегі кафеде болған. Ұлттық ұлан қызметкерлерімен төбелескен 26 және 37 жастағы ер адамдар қызметте жүрген 5512 әскери бөлімінің қызметкерін жарақаттаған, &ndash деді өңірлік полиция басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Каиров.

 

Полицейдің айтуынша, екі бейтаныс ер адам ұлттық ұланның қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтып, өздерін агрессивті ұстаған.

 

"Ұлттық ұланның қызметкерлері олардан қоғамдық тәртіпті бұзбауды ескертіп, полиция бөлімшесіне баруды сұраған. Алайда азаматтар қарсылық көрсетіп, әскери қызметкерлердің бірінің көзін жарақаттады" делінген желідегі жазбада.

 

Қазіргі уақытта оларға Қылмыстық кодекстің  293-бабы 2-бөлігі (билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсетілсе) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.  Сот-медициналық сараптама тағайындалып,  ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.