Шымкент тұрғындарын қаланы айналып, өте төмен ұшқан әскери ұшақтар шошытты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі алаңдауға негіз жоқ деп хабарлады.
Су-25 ұшағының Шымкент үстінде ұшуы «Батыл Тойтарыс-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуымен байланысты.
«Оқу ұшулары ұшу дағдыларын арттыруға және экипаждарды дайындауға бағытталған. Ұшулар бөлімшелердің құрамында әртүрлі биіктікте, күндізгі және түнгі уақытта орындалады», – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салайық, «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы 16 сәуірге дейін жалғасады.
Сондықтан осы күнге дейін жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындау үшін ұшақтар ұшатын болады.