Астана түбінде жолды су алып кетті - видео

10 сәуір 2018, 17:17

Ақмола облысының Преображенка және Рақымжан Қошқарбаев ауылдары арасындағы тас жолды су алып кетіп, ауыл тұрғындары елді мекеннен шыға алмай отыр.

Су алып кеткен жердің ені 15-20 метр, жолда жүру жылдамдығына шектеу қойылып, полиция бекеті ұйымдастырылды.

Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев атындағы ауыл әкімдігі хабарлағандай, бұл жерді жыл сайын еріген қар су алып кетеді екен.

Преображенка ауылы Астанадан 28 шақырым қашықтықта орналасқан.

sputniknews.kz