Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астанада бесінші сынып оқушысы мектепте петарда жарып жіберді

26 желтоқсан 2022, 15:16

Елордада кәмелетке толмаған 5-сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарып жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 20 желтоқсан күні түс кезінде болған.

 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әміржан Байғошев департаментте өткен брифингте ғимарат ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.

 

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баламен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен әңгімелесу барысында оның мектеп маңында орналасқан сауда үйінің бутиктерінің бірінен петарда сатып алғанын анықтап, тауарды сатушыны көрсеткен.Тексеру нәтижесінде сатушының дүкенінен 10 қорап көлеміндегі сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдер табылып, 196-бап бойынша әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды", - деді Әміржан Байғошев.

 

Баяндамашы мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.

 

Ол ғимараттар мен үй-жайлардың ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға, сондай-ақ балалардың ересектердің қатысуынсыз пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.