Оқиға

Астанада бір күнде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

  • фото rusdialog.ru

    фото rusdialog.ru

Бір күнде астанада екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

5 қыркүйек күні сағат 13.20-да екі жасар бүлдіршін асүйде үстел үстінде ойнап жүріп, терезеге мініп кеткен. Анасы осы кезде сол бөлмеде болған.

 

Анасының айтуынша, ол баланы ұстап алайын деген, бірақ үлгермей қалған. Ол москит торына бар салмағымен сүйеніп, 3 қабаттан терезеден құлап кеткен.

 

Бұлдіршін түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 

Осы күні сағат 15.30-да 4 жасар бала анасымен бірге Рысқұлбеков көшесінде туыстарының үйінде қонақта болған. Бала жатын бөлмеге ойнауға кетеді, ол бөлменің терезесі ашық қалған. Терезе алдына шығып, москит торына сүйенген бала 6 қабаттан құлап кеткен.

 

Кейін анасы ашық тұрған терезеден баласының жерде жатқанын көреді. Бала жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады.

 

Полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері 31 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, соның төртеуі көз жұмды.

 

Тәртіп сақшылары ересектерден қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Балаларды ешбір жағдайда қараусыз қалдырмай, ашық тұрған терезенің қасында ойнауға рұқсат бермеу керек. Москит торлары қауіпсіз көрінгенімен, бала оған сүйенгенде салмақты көтере алмайды. Терезеге арнайы құлып қондыру немесе тұтқасын алып тастау қажет.

 

 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 21:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31