Оқиға

Астанада жойқын өрт кезінде бір отбасы бес баласынан айырылды

  • © Foto: CC0 / Pexels

    © Foto: CC0 / Pexels

Астанада жеке үйлердің бірінде болған жойқын өрт салдарынан 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.


Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болыпты. Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан "времянкада" түнгі үште өрт шыққан. Көп ұзамай уақытша салынған баспананың шатыры қирапты. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде жеткен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған.


Олардың ата-анасы төтенше оқиға кезінде жұмыста болыпты.


Өрт аумағы – 30 шаршы метр, жалынды сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 көлік қатысқан, бұдан бөлек төтенше жағдайлар комитетінің орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір көлік жұмылдырылған.


Sputnik


 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30