Оқиға

Астанада полицейлердің көлік соңынан қуған сәтінің видеосы

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Елордалық құқық қорғау органдары қызметкерлері көлік ұрлады деген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлерге елордадағы аулалардың бірінде тұрақта тұрған Hyundai автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түскен. Жүргізушіні анықтау және ұстау үшін "Ұстау" жоспары жарияланды.


"Бейнебақылау камераларының жүйесін қарау барысында жедел басқару орталығының инспекторы Мәңгілік ел көшесінде көрсетілген автокөлікті байқады. Ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция нарядтарына берілді. Жүргізуші жасырынып, жол ережесін өрескел бұзып, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қозғалысты жалғастырды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көлік ұрлады деген күдікті ұсталды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


 




Көрілген: 386    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.03.2019, 22:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31