Оқиға

Астанада сегіз жүзге жуық адам карантин талабын бұзғаны үшін жазаға тартылып жатыр

  • Астанада сегіз жүзге жуық адам карантин талабын бұзғаны үшін жазаға тартылып жатыр

    Астанада сегіз жүзге жуық адам карантин талабын бұзғаны үшін жазаға тартылып жатыр

Елордада карантин талаптарын сақтау және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшір мобильді топ рейдтері жалғасуда, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Ережелерді елемейтіндерді полицейлер, еріктілер, Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, сондай-ақ аудандық әкімдік өкілдері анықтайды.

26 қазан мен 1 қараша аралығында мобильдік топтар Алматы ауданында &ndash 61, Байқоңыр ауданында &ndash 49, Есіл ауданында &ndash 57, Сарыарқа ауданында &ndash 33 заңбұзушылықты тіркеді.

Тексерушілер атап өткендей, бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған бірқатар ШОБ субъектілері заңбұзушылықтарды қайталаған. Оның ішінде жиі кездесетіндері: ұжымдық және отбасылық мерекелерді өткізу, жұмыс режимін сақтамау.

Мәселен, 30 қазан күні сағат 23:37-де «БХБ» түнгі клубына полицейлер жүргізген тексерісте 500-ге жуық адам болған.

«Келген клиенттер мен қызметкерлер жасырынып қаламыз деп үміттеніп, есікті іштен жауып алған. Клубта жарты мыңдай адам көңіл көтерген және ешкім бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған»», - деді полиция қызметкерлері.

31 қазан күні «Шаңырақ» мейрамханасында той өткізілді. Мерекеде 60 адам болған.

Сол күні сағат 23:41-де мобильді топ санитарлық нормаларды бұза отырып, жұмыс істеген «Quartet» караоке-клубын анықтады. Клубқа 80-ге жуық адам келген.

Сондай-ақ, мобильді топтар «Салем» базарына қатысты материалдар жинады. Бас санитарлық дәрігердің бұйрығына қарамастан, әкімшілік демалыс күні базарды ашып қойған.

Автокөлік жуу орындарына,тігін шеберханаларына және басқаларға да ескертулер жасалды. Барлық деректер бойынша материалдар Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

1 қарашадағы жағдай бойынша аудандық полиция басқармаларынан 1781 материал келіп түсті. 779 жеке және заңды тұлғалар жалпы сомасы 161 727 378 теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 129 781 525 теңге болатын 613 әкімшілік айыппұл төленді.

sn.kz




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 19:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31