Оқиға

Астанадағы жол апаты: зардап шеккен әйел аяғынан айырылды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Елорда әкімі мен денсаулық сақтау министрі әр пациенттің қал-жағдайын білді.


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кеше ірі жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен азаматтар ем қабылдап жатқан қалалық №2 көпбейінді ауруханада болып қайтты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.


Елорда әкімі мен денсаулық сақтау министрі әр пациентке барып, оның хал-жағдайын сұрастырды. «Тезірек жазылуыңызды тілеймін. Сізге біліктілігі жоғары үздік дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. Айығыңыз!», – деді Бақыт Сұлтанов.



Аурухананың бас дәрігері Иван Лидің айтуына қарағанда, қазір станционарда 13 адам ем қабылдауда. Олардың сегізінің жағдайы орташа (олар травматологиялық бөлімде емделуде). Екі пациент кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімінде. Үш адамның жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр.


«Кеше біз өмірге қауіп төндіретін белгілер бойынша 5 ота жасадық. Бұл өте күрделі операциялардың спектрі болды. Атап айтқанда, ішастар ішіне қан кетуді тоқтату, мелжемделген аяқ-қолдың металлоостеосинтезі, ампутация сияқты оталар. Бір әйелдің аяғына, өкінішке орай, ампутация жасауға мәжбүр болдық», – деп мәлімдеді Иван Ли.


Аурухананың бас дәрігерінің айтуына қарағанда, кейбір пациенттер ұзақ ем қабылдауы керек. Ал енді бірін 7-10 күннен кейін үйіне жібереді.


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше таңертең Қабанбай батыр даңғылында 3 автобус пен бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алған болатын. Қала маңына қатынайтын № 303 бағдарлы автобус № 12 бағдарлы автобусты соқтығысқан-ды. ЖКО-ның нәтижесінде екі адам мерт болып, түрлі жарақат алған 36 адам ауруханаға жатқызылды.


Елорда әкімі апат салдарынан қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, тиісті органдарға оларға және апаттан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. ЖКО-ның себептері анықталып жатыр.


Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы №303 автобус №12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар №53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.


Қайғылы оқиғадан екі адам көз жұмып, 36 адам зардап шекті.


24.kz




 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.03.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31