Астанадағы мектептің бірінде футбол қақпасы құлап, 10 жасар бала мерт болды

08 тамыз 2023, 08:36

Астанадағы мектептің бірінде оқушыға футбол қақпасы құлап, бала мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының білім басқармасына сілтеме жасап жазды.

«№10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда.

 

Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz