Астанадағы сауда орталығында өрт шықты (фото, видео)

12 қараша 2018, 16:39

Астанада "Сабындыкөл" сауда орталығында өрт шығып, сауда бутиктері өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасай батыр көшесінің бойында орналасқан "Сабындыкөл" сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар сағат 13:02-де түсті. Бірінші қабатта орналасқан бутиктер өртенген. Өрт аумағы - 100 шаршы метр. Өрт сөндірушілер түтіннің ішінен әйел адамды алып шықты.

Өрт сағат 13:34-те ауыздықталып, 13:41-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіруге 26 маман және 6 арнайы техника жұмылдырылды.