Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астаналық бойжеткен жарты миллион тұратын ішігінен айырылып қалды (видео)

08 қаңтар 2018, 17:50

Елордалық бойжеткен құны жарты миллион теңге болатын құндыз ішігін ұрлатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Полицияға қала тұрғындарының бірі 5 қаңтар күні шамамен сағат 22-00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының «KFC» дәмханасынан белгісіз біреудің құны шамамен 500 мың теңге болатын қара түсті құндыз ішігін орындық үстінен ұрлап кеткендігіне арызданды. Бойжеткен ішігін бос тұрған орындықтардың біріне қойып, тапсырыс беруге кетіп қалған. Бірнеше минуттан келгеннен кейін ішігінің жоқ екендігін көрген», - деді Астана қалалық ішкі істер департаментінен.

Қазіргі уақытта күдікті анықтау және ұстауға бағытталған кешенді жедел іздеу шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікке 25-30 жастағы, бойы 165-170 см, капюшоны бар қара түсті куртка, көк джисы шалбарын киген адам ілігіп отыр. Астана қалалық ішкі істер департаменті күдіктіні анықтауға жәрдемдесуді өтінеді. Оқиға кугерлері мен қандай да бір ақпаратты білетін азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 71-65-50, 71-65-58 немесе 102», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар Астана қалалық ішкі істер департаменті қала қонақтары мен тұрғындарына қоғамдық орындарда және адам көп жиналған жерлерде болған кезде жеке заттарына барынша сақ болуды ескертеді.