Оқиға

"Ата-анасы сау": Түркістан облысында жаңа туған сәбиден коронавирус анықталды

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Созақ ауданында сәбиден коронавирус инфекциясы анықталған. Бір қызығы оның ата-анасынан қауіпті дерт табылмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестенің өмірге келгеніне бір ай болған. Оның ата-анасы Созақ ауданы, Құмкент ауылының тұрғындары.

 

"Өкінішке орай, коронавирус жұқтырған адам нәрестемен байланыста болған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Сәбидің температурасы мен дене қызуы жоқ. Ол инфекциялық ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Ата-анасынан коронавирус сынамасы алынды. Бірақ теріс нәтиже көрсетті. Олар екінші рет қайта анализ тапсыратын болады", - деді ведомство.

 

Сонымен қатар, Созақ ауданы, Таукент ауылының 1980 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды. Ол Ресей Федерациясынан 15 сәуірде Қарағанды қаласына келіп, ары қарай Алматы қаласына барған. 21 сәуір күні Алматыдан Созақ ауданына келген.

 

Одан бөлек, Созақ ауылының 1992 жылғы тұрғыны да коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

 




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 17:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31