Оқиға

Әткеншек түбірімен жұлынып кетіп, екі бала ауруханаға түсті (видео)

  • © Sputnik / Алексей Филиппов

    © Sputnik / Алексей Филиппов

Павлодар қаласында екі бала әткеншекпен бірге құлап кетті. Оқиға ауладағы бейнебақылау камерасына жазылып қалды, деп хабарлады Astana TV арнасы.

 

Ресми мәліметке сәйкес, 2006 жылғы баланың жағдайы орташа ауыр, оны дереу хирургия бөліміне жеткізген. Ал 2007 жылы туған екінші баланы травматология бөліміне жатқызды.

 

"Екеуі де ем-домды толық алып жатыр", - дейді облыстық балалар ауруханасының баспасөз хатшысы Кәмшат Күнпейісова.

 

Видеодан екі баланың әткеншек теуіп жатқанын көруге болады. Бір кезде темір конструкция түбірімен бірге жұлынып кетеді. Бір бала тосқауылдың арғы жағына ұшып түссе, екіншісі бергі жағына құлайды.

 

Ролик әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен. Желі қолданушыларының бірі оқиғаның Целинная көшесіндегі үйдің ауласында болғанын жазған. Ол жерде балалар алаңы көптен бері жаңартылмаған. Әткеншектер де ескі. Соған қарамастан, көрші үйлердің балалары да келіп ойнайды.


 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

sputniknews.kz




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 13:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30