Оқиға

Атырау-Ақтөбе трассасында 9 адам мерт болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Демалыс күндері Атырау мен Павлодар облысындағы трассада 14 адам мерт болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар &ndash барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп жазды Е.Тұрғымбаев Facebook-те.

 

Сондай-ақ министр 3 қазан күні болған тағы бір қайғылы жол апаты жөнінде хабарлады. Оқиға Павлодар облысында болған.

 

«Тасжолдың бойында ВАЗ-21041 автокөлігі мен МТЗ тракторының тіркемесі соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі және оның барлық төрт жолаушысы мерт болды», - деді Е.Тұрғымбаев.

 

Ведомство басшысы мәлім еткендей, елімізде жол-көлік оқиғаларының 96% жүргізушілердің кінәсінен болады. Патрульдік кезекшіліктер және бейнекамералар жоқ автожолдар мен тасжолдардарда жүргізушілер өрескел ереже бұзады. Нақтырақ айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, тыйым салынған және қауіпті аймақтарда алдыңғы көлікті басып озуға тырысады. Ал мұндай желігудің соңы көбіне қайғылы апатқа, орны толмас өкінішке ұрындырады.

 

«ІІМ-нің статистикалық мәліметтері «тәжірибесіз» жүргізушілердің (көлік жүргізу өтілі 1 жылдан төмендер) үлесіне жол-көлік оқиғаларының тек 1,8 % ғана тиетінін көрсетеді. Жол апаттарының басым бөлігі тәжірибелі жүргізушілердің тарапынан орын алады екен. Олар қауіпті тәуекелдерге саналы түрде барып, өздерінің ғана емес, басқа адамдардың өміріне де үлкен қатер төндіреді. Сондай-ақ, ішкі істер министрлігі жол-көлік оқиғасының негізгі себептерін қаперлеріңізге салады: - бірінші орында жылдамдықты арттыру (33,1 %) - екіншісінде &ndash маневр жасау ережелерін бұзу (17,7 %) - үшінші орында &ndash реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу (7,6 %) ІІМ автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелері мен шектеулерін қатаң ескеруге шақырады, ал жаяу жүргіншілерге жолда қырағы болуды ескертеді», - деді министр.

 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 22:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30