Атырау облысында ағасы інісінің үйін өртеп жіберді

06 қазан 2021, 15:15

Атырау облысында мас ер адам інісінің үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Оқыс оқиға 3 қазан күні кешке Жасқайрат ауылдық округіне қарасты елді-мекендердің бірінде болған.

 

Полицияға хабарласқан арызданушы күйеуінің мас ағасы үй ішіне бензин құйып, өртеп жібергенін айтты.

 

Үйдің түгі қалмай өртеніп кетті. Бақытымызға орай, үй ішіндегілердің барлығы сыртқа шығып үлгерді, - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

 

Ұсталған 55 жастағы күдікті өз кінәсін мойындады.

 

Ол бұған арадағы тұрмыстық жанжал себеп екенін айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, 2-бөлігі, "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. - деп атап өтті департаменттегілер.