Оқиға

Атырау облысында бір күнде екі адам суға кетті

  • https://azattyq-ruhy.kz/

    https://azattyq-ruhy.kz/

Атырау облысында 20 маусымда екі адам суға кетті. Оқиға Құрманғазы және Жылыой аудандарында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Белгілі болғандай, марқұмдардың екеуі де белгіленбеген жерде суға түскен. Құрманғазы ауданындағы 2000 жылы туған азамат Шортанбай ауылына автокөлігін жөндету үшін барыпты. Түскі 16 сағат 30 минут шамасында жұмыстасы екеуі Қиғаш өзеніне суға түсуге келеді. Қайтыс болатын жігіт пирстен секіріп кетеді де содан қайтып су бетіне шықпайды. Жанындағы жолдасы алаңдап, дереу жергілікті полиция мен ауыл тұрғындарына хабар береді.

 

«Құрманғазы ауданы жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының көмегімен сағат 19:00-де азамат Б.Б-ның өлі денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

 

Осы күні Жылыой ауданында да қайғылы жай орын алды. Бұл жолы да Тұрғызба ауылынан қой кезегіне шыққан екі жігіт күннің ыстығында суға шомылып алмақ болады. Бірінші болып суға түскен 1983 жылғы азамат батып бара жатқанын айтып көмек сұраған. Оны құтқармақ болған әрекетінен ештеңе шықпаған серігі 17 сағат 20 минутта «112» нөмеріне қоңырау шалады. Жылыой аудандық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оның денесін 18 сағат 03 минутта алып шыққан.

 

Айта кетейік, қазіргі күні облыс бойынша Атырау қаласындағы Жайық жағалауында орналасқан екі жағажай ғана жұмыс істеп тұр. Оның біреуі бүгін іске қосылды. Екеуінде де суға түсу қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалып, биылғы суға түсу маусымында ашуға тиісті органдардың рұқсаты берілген. Алайда, қалған жағажайлар жабдықталмаған, сол себепті оларға суға түсуге тиым салынып отыр.

 

«Биыл Жайық өзенінде су жылдағыдан көп болды. Төтенше жағдай мамандары су түбінде әлі де ағыс барын айтып, әзірге басқа жағажайларға рұқсат еткен жоқ. Дегенмен, 1 шілде күні қаладағы жағажайларды ашамыз деп жоспарлап отырмыз», - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.

 

Қазіргі күні облыс бойынша жеті жағажай учаскесін сенімді басқару құқығымен иелену үшін бес кәсіпкерлік нысанымен келісім-шарттар жасалуда.

 

 

 




Көрілген: 892    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 01:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31