Оқиға

Атырау облысында өзен тасып, елді мекендердегі көпірлерді шайып кетті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында Ноғайты өзені тасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Ағысы қатты су Сағыз елді мекені маңындағы жолдар мен көпірді және өткелдерді шайып кетті.

 

Бастауын Ақтөбе облысынан алатын Ноғайты өзеніне су кешеден бастап құйыла бастады. Салдарынан елді мекен маңындағы бір көпір мен ауыл ішіндегі екі өткелді су шайып кетті.

 

Сондай-ақ кенеттен көтерілген тасқын Ақтөбе – Атырау күре жолының үстіне жайылып, көлік қозғалысын қиындатты. Қазір жағдай қалыпқа түсіп келеді. Бүлінген көпірді «Ақтөбе – Атырау» жол құрылысына жауапты мекеме жөндеуге кірісті. Оған онға жуық техника жұмылдырылған.

 

Абырой болғанда, өр суынан зардап шеккендер жоқ.

 

Нұрәлі Әбишан, Сағыз ауылдық округінің әкімі:

 

- Қардың қалыңдығынан жиналып, жаңбыр болды. Жаңбыр қарды ерітіп, өзеннің бойымен сайдың суын толтырып тұр ғой. Ноғайты өзенінің үстімен өтетін көпір болып еді бұрын. Соны бұзып тастады. Енді қайтадан жаңа көпір салу керек. Былтыр уақытша көпір салып қойып еді. Сол уақытша көпірді су шайып кетті. Қазір ол көпірді қалпына келтірдік. Судың деңгейі қазір едәуір түсті.

 

 




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 18:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31