Оқиға

Атырауда 115 жолаушы мінген ұшаққа құстар "шабуылдады жасады" (видео)

  • Көрнекі фото:  © http://www.arnapress.kz/

    Көрнекі фото: © http://www.arnapress.kz/

Атырау &ndash Нұр-Сұлтан рейсі кезінде биіктікке көтеріліп келе жатқан ұшаққа бір топ ірі құс соқтығысты, қаз немесе үйрек болуы мүмкін, деп хабарлады SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

 

"Әуе кемесінің командирі Иван Карпович ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қайта қонды, тұраққа өзі жетті", - делінген хабарламада.

 

 

Рейстің ұшу уақыты - 22.05, қону уақыты - 22.17.

 

Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Рейс тоқтатылды, кейбір жолаушыларға басқа күнге билет берілді, кейбірінің ақшасы толықтай қайтарылды.

 

Компания өкілдері қазіргі уақытта құстар мәселесі өте өзекті екенін әрі шешілмей жатқанын айтып өтті.

 

"Әуе кемесінің командирі Иван Карповичтің тәжірибелігі және экипаждың бірлескен жұмысы арқасында ұшақ штаттық режимде қонды", - деді SCAT.

 

Әуе компаниясы ұшқышты медальге ұсынуды жоспарлап отыр.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 13:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31