Оқиға

Атырауда 1,5 жасар бала жоғалды

  • Tengrinews.kz

    Tengrinews.kz

Атырауда 150-ден астам тұрғын 1,5 жасар баланы іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоғам белсендісі Олжас Сұлтановқа сілтеме жасап.

 

Бала 20 мамыр күні сағат 13.30-да шыққан және оралмаған. Есімі - Әли, 1,5 жаста, оң аяғын сілтіп басады.

 

Жергілікті тұрғындар бірнеше сағат бойы іздеді. Құқық қорғау органдары, волонтерлар да көмектесіп жатыр. Жұлдыз шағын ауданының 150-ден астам тұрғыны, 50-ге жуық волонтер және 20 әскери қызметкер іздеп жатыр.

 

Аzh.kz басылымы көрші үйдегі бейнебақылау камерасының жазбасында баланың аулада жүргенін, содан соң бет алған жаққа кете бергенін атап өткен. Олжас Сұлтановтың айтуынша, анасы баланы аулада қалдырып, бірнеше минутқа үйіне кірген. Кейін шықса, бала жоқ. Бірден іздеген.

 

Үш дронмен іздестірілді, аулалар, қоқыс алаңдары, суағарлар түгел тексерілген. 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 14:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31