Оқиға

Атырауда ақпан айында жоғалған ер адамның мәйіті контейнерден табылды

  • https://www.olx.kz/

    https://www.olx.kz/

Атырауда 2021 жылдың алтыншы ақпанында із-түзсіз жоғалған 29 жастағы Наурыз Әйтекешовтің денесі табылды деп хабарлады Atpress.kz.

 

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес марқұмның денесі 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тасжолына жақын маңдағы Талқайран ауылы шаруа қожалығының контейнерінен табылған.

 

"Марқұмның денесінде жарақат іздері жоқ. Мәйіт қалалық мәйітханаға тапсырылды", - дейді ведомство өкілдері.

 

Еске сала кетсек, Талқайран ауылының тұрғынының осыдан екі жарым ай бұрын үйінен шығып, қайта оралмағанын хабарлаған едік.

 

Кейінірек оның жалаңаяқ кетіп қалғаны белгілі болды. Осы уақыт ішінде оны туыстарынан бөлек еріктілер, полиция және шұғыл көмек қызметінің мамандары іздеді.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы бөлімінің басшысы Самат Құмашев іздеу жұмыстарына МИ-8 тікұшағы қосылғанын да жеткізді. Бұдан басқа, іздестіру иттері де жұмылдырылған.

 

Наурыз Әйтекешов - отбасындағы 9 баланың төртіншісі. Олар Қарабатаннан көшіп келіп, Талқайраннан үй салып алған.

 

Бұрын Наурыздың Атырауда жұмыс істегені белгілі болды.

 

 

 

 

kaz.nur.kz/




Көрілген: 1150    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 09:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31