Оқиға

Атырауда әріптесінің телефоны арқылы жыныс мүшесін көрсеткен жігіт масқара болды

  • © CC0 / Pexels

    © CC0 / Pexels

Ер адам басқа біреудің телефонынан видеоқоңырау шалғаны үшін жеті күнге қамауға алынды. Ол кездейсоқ нөмірді теріп, жыныс мүшесін көрсеткен, деп хабарлады Атырау қаласының полиция басқармасы.

 

Мессенджер арқылы видеоқоңырау шалған адамға Атырау қаласының тұрғыны шағым түсірді. Оның айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алған белгісіз біреу қоңырау шалып, интимді видеоны көрсеткен.

 

Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзушыны анықтады. Ол Атырауда жұмыс істейтін көршілес Батыс Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

 

Ол сол түні ұйықтап жатқан әріптесінің телефонын сұрамай алып, жеке таныс болмаса да телефондағы абонентке қоңырау шалғаны анықталды, деп жазды ATPress полицияға сілтеме жасап. 

 

"Ұсталған азамат мас болғандықтан осындай әрекетке барғанын айтып, кінәсін мойындады", - деді Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

 

Оның айтуынша, ұсталған азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес, сот шешімімен жеті күн мерзімге әкімшілік қамауға алынды. 

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2215    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30