Оқиға

Атырауда әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болды

  • © Photo : пресс-служба Департамента полиции ВКО

    © Photo : пресс-служба Департамента полиции ВКО

Атырауда әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болды. Ол 24 шілдеге қараған түні сағат он екі жарымда қаладағы орталық көпірге барған, деп хабарлады жергілікті ATPress.kz.

 

Басылымның хабарлауынша, әйелдің бұл әрекетіне Ұлттық ұлан сарбаздары тосқауыл болды.

 

"Патрульдеу кезінде әскери нарядтың кіші сержанты Еркен Нұрғалиев, қатардағы жауынгерлер Дмитрий Коваленко мен Нұрсейіт Құсайынов қараңғыда бала ұстаған әйелді көрген. Ол көпір қоршауында тұрды", - деп хабарлады Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

 

Әскери қызметшілер кезекшіге баяндап, полиция шақырған.

 

Полиция келгенге дейін олар көпірден секірмек болған әйелмен сөйлесіп, оқыс оқиғаның алдын алуға тырысты.

 

Нәтижесінде әскери қызметкерлер әйелді мұндай әрекет жасамауға көндірді. Оның суицидке неге бел буғаны анықталып жатыр.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30