Оқиға

Атырауда драма театры өртке оранды (фото, видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Куәгерлердің айтуынша, театрға жалғана салынған ғимарат жанып жатыр. Редакцияға видео мен фото келіп түстіү Қазақ драма театры қала ортасындағы Абай көшесінде орналасқан.



Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы өрт орнына келді. "Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды, 9 техника мен 50 өртсөндіруші жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі анықталғаннан кейін қалыпқа келтіру жұмысы басталады", - деді Атырау әкімі. Құттымұратұлы драма театрының ғимаратына екі ай бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.




ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, 14:30-да Атыраудың "101" пультіне М. Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шыққаны жайлы хабар түскен. "Екінші қабатта электрқалқан жанып, кейін от ғимараттың шатырына тараған. Өрттің болжамды аумағы - 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен ТЖД-нің жеті техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршады", - деді Нұрахметов.





Өрттің себебі, аумағы мен басқа да мәліметтер анықталып жатыр.


 




Көрілген: 786    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 17:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30