Оқиға

Атырауда ер адам полицеймен төбелесті – видео

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Атырауда полицеймен төбелескен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Ресми мәліметке сәйкес, 5-мөлтек ауданында орналасқан "Идеал" супермаркетінде жанжал шыққаны туралы хабар түскен. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы барған. Жәбірленушіден арыз алу кезінде жанжал шығарған мас тұрғын полицияның заңды талабына бағынбаған. Ал далаға шыққаннан кейін қарсылық көрсеткен. 

 

Тәртіп бұзған ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жазаға тартылды. Алдымен 440-бабының 3-бөлімімен (Алкогольдік ішімдік iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

"Бұдан бөлек,  434-бабының 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) және 667-бабының 1-бөлімі (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 36 жастағы азамат 10 тәулікке қамауға алынды", - дейді полицейлер.

 




Көрілген: 3146    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.07.2021, 18:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30