Оқиға

Атырауда итті қорлықпен өлтірудің тағы бір оқиғасы тіркелді

  • Көрнекі сурет.  https://www.bnkomi.ru/

    Көрнекі сурет. https://www.bnkomi.ru/

Атырау облысында итке қатыгездік көрсетудің тағы бір оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оқиға кеше, 7 маусымда Индер ауданындағы Көктоғай ауылында болған.

 

«Ауыл тұрғыны көршісінің итін ауыл шаруашылығы құралымен соғып өлтіргені анықталды. Аудандық полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушыны ұстады. Үй жануарына қатыгездік танытып, өлтірген азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттары қысқа мерзімде сотқа жолданатын болады», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында итті қорлауға қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған болатын.

 

Бірінші оқиға 30 мамырда Атырау қаласының маңындағы «Береке» шағынауданында болды. Онда ер адам көшедегі итті мылтықпен атқан.

 

Ал 31 мамыр күні Еркінқала кентінде 32 жастағы азамат иттің мойнын тоңазытқыштың есігіне қысып, тұншықтырған болатын.

 

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 45 жастағы әйел итін төртінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Ал Алматы Алматы облысының Алакөл ауданында екі оқушы бала қапқа салынған күшіктің үстіне бензин құйып, оны тірідей өртеген болатын.

 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2020, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31