Оқиға

Атырауда жарылыс болып, жер үйің шатыры көкке ұшты

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Атырауда жер үйлердің бірінде жылыту қазандығы жарылып, үш студент  өлім аузынан қалды. 19 жастаға екі жігіт хәлде жатыр. Олардың денесінің 95 пайызын күйік шалған. 22 жастағы бойжеткеннің де жағдайы нашар.

 

Жойқын жарылыстан баспананың түгі қалмай жанып тек төрт қабырғасы қалған. Үш студентті қызыл жалыннан көршілері құтқарып қалған. 

 

Атыраудағы Балауса ықшамауданы тұрғындарының түн тыныштығын гүрс еткен дауыс бұзды. Жер үйлердің бірінде жылыту қазандығы жарылып баспана өртке оранған. Оқиға орнына жиналған жұртшылық өртеніп жатқан үйдің ішінде жанұшыра айқайлағандардың дауысын естіп бірден көмекке ұмтылған.       

 

Түнгі сағат бір шамасында жылыту қазандығы гүрс етіп жарылған. Жойқын жарылыстың дыбысын естігендердің айтуынша, үйдің төбесі бірден көкке ұшыпты. Зәре-құты қалмаған көрші жігіттер қаумалап жүріп жалын құшағында қалған үш студентті сыртқа шығарып алған.

 

Кейін тағы да кішігірім жарылыс болған. Жарты сағат өтіп өрт күшейген кезде төтеншеліктер келіп, қызыл жалынды зорға дегенде ауыздықтаған. Үйдің 120 шаршы метрі түгі қалмай жанып кеткен.

 

Түн ортасында өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылыпты. Алайда үш жасөспірім көрші-қолаңның арқасында тірі қалған.

 

Есенқос Қойшыбаев, Атырау қаласының тұрғыны:

 

- Төсенішті көршілер бердік. Көрпелерді сулап әкелдік. Соған салып жатқыздық.  Жарты сағат 45 минут дегенде бірінші жедел жәрдем келді. Содан кейін екіншісі келді. Үшінші тағы келді. Олар да күйген адамдарды бір-бірлеп алып кетті. Жарты сағаттан кейін өрт сөндіру қызметі келе бастады.

 

Күлге айналған шаңырақтың иесі Алматыда тұратын болып шықты. Бұл үйді уақытша туыстарына табыстап кеткен. Сондықтан үй қожайыны жайсыз хабарды әлі естімепті 

 

Өмірлан Тастанов, Атырау қаласының тұрғыны:

 

- Осы отбасының балдызы болам. Жездемнің үйі. Бұл жағдайды таңертең естідік. Олар  Алматыға көшіп кеткен. Бұл үй иесіз қалмасын деп жатқызып тұр ғой.

 

Жылу қазандығы жарылған кезде пәтерде болған 2002 жылғы екі бозбаланың жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Екеуінің де денесінің 95 пайызын күйік шалған. Ал 22 жастағы қыз баланың денсаулығы әзірге жаман емес.

 

Бекен Құлниязов, Атырау облыы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

 

- 1999 жылғы қыз бала жарақат бөлімінде жатыр. Оның күйік шалған көлемі 35 пайыз. Бірінші, екінші дәрежеде. Ол кісінің жағдайы қалыпты ауыр жағдайда. 

 

Қазір төтеншеліктер жарылыстың нақты неден шыққанын айта алмай отыр. Зерттеуден соң шығын көлемі есептеліп, себеп-салдары белгілі болады.

 

Ал зардап шеккен жастар дәрігерлердің қатаң бақылауында.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 10:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31