Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атырауда Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, екі жігіт суға кетіп қала жаздады

25 желтоқсан 2021, 09:23

Абырой болғанда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген 18 жастағы жігіт суға кетіп бара жатқан. Оны көрген досы оған көмекке келді.

 

Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырды, алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды.

 

Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерді жағадағы Атырау қаласы полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырды.

 

Атырау облысының полицейлері мұз бетінде жүру қауіпті екендігін ескертеді.