Оқиға

Атырауда оқушылар апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан бір адам көз жұмып, тоғыз жолаушы жарақат алған.


Оқиға жұма күні кешкі сағат 19.50 шамасында «Атырау - Орал» тасжолында, Индер ауданында болған.


Opel Vectra және Lada көліктері соқтығысып қалған. Opel Vectra көлігінің 1987 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Тағы тоғыз адам зардап шекті. Оның ішінде бес оқушы бар. Барлығы жедел жәрдеммен Индербор ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.



Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы көмек көрсетілген соң барлығы үйіне жіберілген.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеп-тексеру басталды.


ktk.kz 




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.12.2019, 09:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31