Оқиға

Атырауда полицейлерге күдіктіні азаптады деген айып тағылды

  • https://news.ru/

    https://news.ru/

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері азаптауға күдікті Жылыой аудандық полиция бөлімінің екі жедел уәкілін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

 

Басылымның мәліметінше, 26 жастағы екі полицей ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған Құлсары қаласының тұрғынын мәжбүрлеп мойындатқан.

 

Соққыға жығылған Құлсары тұрғыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы шағымданды. Полиция күнін атап өткеннен кейін полицейлер ұсталды. Оларға қарсы бірден екі бап: "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған азаптаулар" және "пайда алу мақсатында күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану"бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Атырау облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлап, өз қызметкерлерінің ұсталғанын растады.

 

Ұсталған полицейлер Атырауға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 




Көрілген: 625    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 14:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30