Оқиға

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, бір адам мерт болды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, бір адам мерт болды. Ал, жасөспірім жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 2 шілде сағат 19:30-да Атырау қаласының іргесінде Тасқала елдімекенінде тұрғын үй өртенген.

 

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдің ас дайындау бөлмесінде газ-ауа қоспасының жиналуынан өрт шыққанын анықтады.

Өрт сағат 20:00 кезінде сөндірілді. Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

 

Белгілі болғандай, өрт салдарынан оқиға орнында 1972 жылы туған әйел мерт болған.

 

Ал, 2009 жылы туған жасөспірім 85% термиялық күйікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

 

Қазір өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр».

 

 «Өрттің шығу себебі – газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуы. Отбасының басқа мүшелерінің айтуынша, өздері газ плитасын газ желісіне арнайы мамандардың қатысуынсыз жалғаған. Бұл – газ және жылыту құрылғыларын пайдалану ережелерін өрескел бұзу» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда иесі болмаған кезде көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенген болатын.

 

 

 




Көрілген: 958    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.07.2021, 00:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30