Оқиға

Атыраудағы 9 адамның өмірін қиған жол апаты: марқұмдардың жеке басы анықталды

  • Атыраудағы 9 адамның өмірін қиған жол апаты: марқұмдардың жеке басы анықталды

    Атыраудағы 9 адамның өмірін қиған жол апаты: марқұмдардың жеке басы анықталды

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар - барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, жол апатында қаза тапқан марқұмдардың жеке тұлғалары анықталды. Renault Duster көлігінде Доссордың тұрғындары - 57 жастағы жүргізуші, 55 жастағы әйелі мен 15 жасар ұлы және 36 жастағы туысы болған. Geely көлігінде 36 жастағы жүргізуші - қала маңындағы Томарлы ауылының тұрғыны, 67 жастағы әйел - Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылының тұрғыны және Атыраудың үш тұрғыны - 63 жастағы ер адам мен әйел, сонымен қатар 38 жастағы әйел отырған. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, олардың барлығы өзара туысқандар екен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді.




Көрілген: 940    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30