Оқиға

Атыс болған үй басқа біреуге сатылып кеткен

  • https://exk.kz/

    https://exk.kz/

Алматыда 5 адам қаза тапқан атыс – кепілде тұрған үйді басқа біреу сатып алғаннан басталған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Telegram әлеуметтік желісіндегі , Kozachkov offside журналистік парақшасының ақпаратына сүйенсек, Ақбұлақ ықшамауданындағы тұрғын үй Анаида Демирчянға тиесілі. Ал қару қолданып жүрген Игорь Дужнов пен Каринэ Дужнова сол үйде тұрып жатқан.

 

 

Аталмыш үй "БанкЦентрКредит" АҚ-нан несие рәсімдегенде кепілге қойылған мүлік. Банк мүлік иесімен және осы іске қатысы бар бірнеше адамдармен ұзақ уақыттан бері соттасып келген. "Ақбұлақтағы" үйді ақырында банк 2018 жылы Нұрахмет Тұрғанов дегенге 29 миллион теңгеге сатып жіберген.

 

 

Араға уақыт салып, жаңа сот шешімімен бұған дейінгі қабылданған үкімдер күшін жойып, екіжақты талас бастапқы қалпына келтірілген. 2019 жылы банк сотқа қайта арызданып, қалалық сот жылжымайтын мүлікті банк иелігіне қайтарған.

 

Сот орындаушысы осы шешімнен кейін үйдің ие болу құқығын екінші мәрте Тұрғановқа өткізіп, ол баспанаға заңды иелік етпейтін тұлғаларды шығару туралы заңды шешімге ие болады.

 

Осы жылдың ақпан айында Демирчян сот орындаушы Рәпілбек Тәңірбергеновпен және жаңа қожайын Тұрғановпен аталған мүлік үшін соттаспақ болады. Алайда Алатау аудандық сотының судьясы ЖанарӘбдрахманова борышкердің өтінішін қабылдамаған.

 

 

 

 




Көрілген: 2287    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 23:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31